Сабақтың тақырыбы icon

Сабақтың тақырыбы




Скачать 287.05 Kb.
НазваниеСабақтың тақырыбы
Дата конвертации24.01.2013
Размер287.05 Kb.
ТипДокументы
источник


Сабақтың тақырыбы: матасу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Матасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

  2. Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;

  3. Оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: төрт бағыт бойынша:

  1. Сауаттылықты бағалау;

  2. Практикалық бағыт (бүгінгі жаңа сабақтан алғанбілімдерін жүзеге асыру);

  3. Ізденіс бағыты;

  4. Теория бағыты.

Сабақтың көрнектілігі: үлестірмелі ұпай сандары, интерактивті тақтадағы сызбалар, кітап, үлестірмелі тапсырмалар.

^ Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу).

Зейін аударту. Толық мағыналы кем дегенде екі сөз, Бір-біріне бағына келіп байланысып Тұрадыолар әр кез. Мұны, балалар, не дейді? Мұны сөз тіркесі дейді.

Біздің бүгінгі сабағымыз матаса байланысқан сөз тіркесі жөнінде болмақ, сабағымыз төрт бағыт бойынша өтеді. Кезеуті сауаттылық бағытына берейік.

^ Сауаттылық бағыты (Қызыл түспен беріледі). Үлестірмелі парақшалар таратылады (Күнделікті жазып жүрген сөздік дәптерге жазса да болады). Төмендегі сөздерді жаздыру. Меже (зат е.) мөлшер,шама, шек. Көп күткен межеден мезгілінде шығып жүрді. Межелеу. Межеле ет. Мөлшерлеу, шамалау. Ағашты көзімен межелеп өлшеп, төрт жеріне балтаиен таңба соқты. Шек қою, белгілеу. Ол зауыттың жаңа корпусын салатын жерді межелеп қойды. (сауаттылық бағыты бірден тексеріліп, қызыл ұпай сандары берілді).

Үй тапсырмасын тексеру: 243-жаттығу.

Жаңа сабақ. Иртерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру, толықтыру.




Матасу – зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесі. Мысалы: Естайдың әні, менің үйім, біздің бала.






^ Тәжірибе бағыты (Сары түспен берілген). Бұл бағыты жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.

а) Кітаппен жұмыс. Тақтаға жаздыру.

248-жаттығу.

ә) 249-жаттығу. Ауызша орындату.

б) 250-жаттығу. Жарыс жаттығуы.

в) интерактивті тақтамен жұмыс

Сыңарларын тауып жаз. Оқушылар тақтаға жазады.

а) Адамның...

ә) Көктемнің...

б) Баланың...

в) Табиғаттың...

Әр оқушыға тиісті жауабына лайық сары түсті ұпай сандары берілуі керек.

Сергіту жаттығуы. «Кім тапса сол айтып берсін».

Мына жұмбақтағы сөздерді байланысына қарай топтаңдар да, есімді тіркесті бір бөлек, етістікті тіркесті бір бөлек айтып беріңдер

  1. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

  2. Тоғыз белдеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек. (Домбыра)

  3. Көк лағым көген сүйреді. (Ұршық)

Ізденіс бағыты (Жасыл түспен жазылады). «Желтоқсан ызғары» тақырыбында шағын шығарма жаздыру.

Құрамындағы матаса байланысқансөз тіркестерін айтқызу. Төменде Әнел деген оқушының шығармасынан үзінді.

«Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

^ Кеудеңде әлі сызы жатыр сол іздегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның» деп жырлаған Мұхтар Шахановты еліміздің нағыз патриоты деуге болады.

1986 жылғы16-желтоқсан оқиғасы біз үшін мәңгі жадымызда қалмақ. Қазақстанды басқаруға Колбиндіқойды. Бұған шыдамаған қазақ жастары түгелімен берлік Колбинға қарсы ұрандарын жазып алаңға шықты. Бұл қазақ жастарының әділетсіздікке шыдамай, еш нәрседен қорықпай, белді бекем буып қарсы шыққан кезі. Желтоқсан қөтерілісі бізге тәуелсіздігімізді алып берді. Қазақтардың да жарық күні аттаы. Жасай бер мәңгі, Қазағым менің.

(Әр оқушының жазған шығармалары оқылады, матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып айттыру. Өте жақсы жазған оқушыларға жасыл түсті 5 ұпай сандары беріледі).

^ Теория бағыты (Көк түспен беріледі). Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту. Бекіту сұрақтары барлық оқушылардан сұралуы керек. Жауап берген оқушыларға көк түсті ұпай сандары беріледі.

  1. Матасу дегеніміз не?

  2. Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтада? Мысал келтір. Зат есім дегеніміз не?

  4. Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?

Бағалау.

  1. Теория (Ережені меңгеруі)

  2. Тәжірибе (Ережелерді іс жүзінде қолдана білуі)

  3. Сауаттылық (Орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтардың орындалуы)

  4. Ізденіс (Берілген тақырып бойынша оқушылардың шығарма жаза білуі). «5» деген баға 17-20 ұпайға қойылады.

«4» деген баға 16-14 ұпайға қойылады.

«3» деген баға 13-9 ұпай аралығына қойылады.

Үйге тапсырма: 251-жаттығу.

Рефлексия. Бүгінгі сабақта кімге не ұнады? (Оқушылардың жауабынан үлгі)

  • Маған бүгінгі сабақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.

  • Интерактивті тақтадағы тапсырмаларын орындаған.

  • Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім, содан жоғары ұпай алу үшін қөп оқу керектігін ұғындым.

  • Теория баыты ұнады, өйткені қазақ тілі сабағында бір ережеге сүйенеміз, сол ережені дұрыс меңгерсек, оны жүзеге асырғанда біздің біліміміз болары анық.

  • Маған «Кім тапса сол айтып берсін» деген сергіту жаттығуы ұнады.



^ Сабақтың тақырыбы: етістіктің райларын қайталау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

  2. Ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  3. Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, аналарды қадірлеуге, мәдениетікке тәрбилеу.

^ Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнектілігі: семантикалық карталар, оқулық, схемалар, топ аттары, мақалдар жазылған таблицалар, перфокарталар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Балалар, біз сендермен етістіктің райларын қайталаймыз.

Сендердің білімдеріңді тексеремін. Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар. Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.

  1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

  2. Жүздей жүйрік, мыңнан тұлпар.

Бірінші мақал Отан туралы, екіншісі тұлпар туралы екен. Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар». Сайысымызды бастаймыз.

III. Ең алдымен «Біліміңді байқап қөр» сайысы (теориялық білімін тексеру).

  1. Етістіктің райлары дегеніміз не?

  2. Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

  3. Етістік райларының қандай түрлері бар?

  4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?

  5. Бұйрық рай дегеніміз не? Қалай жасалады?

  6. Шартты рай дегеніміз не, қалай жасалады?

  7. Қалау рай дегеніміз не?

  8. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

IV. Оқулықпен жұмыс ( тақтада және дәптерде орындау).

Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек шығарып, етістіктердің шағын анықтату.

Болатын – ашық рай, ауыспалы өткен шақ.

Көрінеді – ашық рай, ауыспалы осы шақ.

^ V. Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».

Фариза Оңғарсынова ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу)

оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлең кім туралы? Авторы кім?

Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

Өлеңнен бұйрық рай, қалау рай, ашық райда тұрған етістіктерді табыңыздар.

Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.

Бұйрық рай: тыңда.

Қалау рай: салғың келеді, айтқың келеді.

Ашық рай: еккен, түлеткен, күл еткен, тұрған, сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).

^ VI. Салыстыру. «Венн диаграмасы»

Қалау рай мен ашық райды салыстыру

-ғы, -гі, -қы, -кі+кел үш жақтың бірінде

-са, -се,+игі еді етістік райлары қ о л д а н ы л а д ы ,

-ғай, -гей, -қей, -кей с ө й л е у ш і н і ң

шындыққа қатысын

білдіреді

Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру

Іс-әрекеттің орындалуын қимылдың, іс-

талап ету мағынасын етістік райлары әрекеттің болу-

білдіреді, көбінесе II жақ болмау мүмкіндігінің

шартын білдіреді,

-са, -се жұрнақтары

арқылы жасалады.


^ VII. Әр қайға қатысты мақал-мәтел, нақыл сөздер жарысы.

Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны.

Не ексең, соны орарсың.

Мезгіл жетсе, мұз ерір.

Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисе игі еді, батыр болсаң, жауыңа найзаң тисе игі еді.

^ VIII. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей. Ойлан тап. «Сәйкестік тесті»

Ойнады тұйық етістік

Бара жатыр есімше

Сұраған өткен шақ

Кесіп осы шақ

Байлау көсемше

Қатыспақ келер шақ

2-деңгей « Кім жылдам?» Семантикалық карталарды толтыру



Етістік

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Оқы













Жаз













Тыңда













Бар













Секір













Күре













Тоқта













Сұра













Айт















3-деңгей. Шығармашылық жұмыс.

А) Сөйлем мүшесіне талдау.

Шәкәрім Стамбулда болған еді. Үйдің төңірегі қобырап жатыр. Жақсы жаныңа жолдас болар. Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.

Ә) Мақалдардағы етістік райларын анықта.

1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2. Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.

^ Түс – бұйрық рай, II жақ, жекеше, қалыпты.

Шығады – ашық рай, ауыспалы осы шақ, III жақ.

4-деңгей. «Тез тап».

А) Сөзжұмбақ шешу.




Е

М

Е

Н




А

Т

А




Б

І

Л

Е

З

І

К







С

Ә

У

К

Е

Л

Е




Т

А

Р

И

Х







І

Л

И

Я

С







К

І

Л

Т






  1. Ағаш түрі

  2. Әкенің әкесі

  3. Ұлттық әшекей бұйым

  4. Қалыңдықтың бас киімі

  5. Пәннің аты

  6. Көрнекті ақын

  7. Есікті ашатын құрал

Ә) Семантикалық картаны толтыру. Өздік жұмыс.






Мысалдар

Нақ осы шақ

^ Ауысп. осы шақ

Болжал. келер шақ

Мақс. келер шақ

Ауысп. келер шақ

Бұрынғы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Ауысп. өткен шақ

1

Мен барғанмын

















+









Сабақты бекіту. «Топтастыру»

-Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік райларының неше түрі бар?









Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: 180-жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазып келу.


^ Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес

Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру.

^ Сабақтың міндеттері:

Білімділік: сөз тіркестерінің күредлі тіркес пен күрделі сөздерден ерекшелігін таныту арқылы тілдегі өзіндік қызметін таныту;

Дамытушылық: жаттығу жұмыстары нәтижесінде білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: адамгершілік тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесін беру.

^ Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Қолданылған технология: деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сөз тіркесінің жасалуы.

  2. Синтаксис

  3. Сөз тіркесіне жазған мысалдарды тексеру

ІІІ. Актуалдау кезеңі

Сөз тіркесі

Күрделі сөздер

^ Тұрақты тіркес

Күрең ат

Әдемі қыз

Кішкентай бауыры

Күрең кер

Ала жаздай

Жүз жиырма бес

Қырғи қабақ

Күрең күз

Таяқ тастам жер

ІУ. Жаңа сабақ.

Қызыл ала көйлек киген көршінің қызы үріп ауызға салғандай екеніне таңғалдым.

Сөз тіркесі: қызыл ала көйлек, көршінің қызы.

Күрделі сөз: қызыл ала.

Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.

Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылату арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу. Сөз тіркесінің әр сөзіне сұрақ қоюға болатыны түсіндіріледі. Күрделі сөз бен тұрақты тіркестердің жасалу ерекшелігіне назар аударту.

^ У. Дамыту кезеңі.

247-жаттығу ауызша орындалады.

5 сөз тіркесі, 5 күрделі сөз, 5 тұрақты тіркестен мысалдар айту. Сұрақтар қойып, түріне ажырату.

Компьютерге деңгейлік тапсырмалар жазылып қойылған. Оқушылар тапсырманы компьютерге орындайды.

І деңгей

Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жаз.

Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас,ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, ала жаздай, Елек өзені, таза үй, озат оқушы, мақсатқа жету, торы ала, ертеден қара кешке дейін, ауыл жастары.

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз.

Оның мына сөзі (төбемнен жай түскендей) етті. Шешесіне екеуі қайтып (тіл қатысқан) жоқ.

Ала көлеңке үй іші (құлаққа ұрған танадай). (Дөңгелек үстелді) қойып, сабағымды оқыдым.

^ Менің уақытымның көбі (әдеби кітап) оқуға кетеді.

Шоқан- қазақтың (аса дарынды ғалымы). Ол (Құсмұрын бекінісінде) дүниеге келген.

Жәукеде (зәре) жоқ. Кешкілік Асан үнсіз ғана кітап (оқып отыр екен)

ІІІ деңгей

Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы не басыңқы болып тұрғанын анықта.

^ Баласы зықысын шығарды

Сөзіне құлақ аспады

Жүз отыз оқушы

Күзге қарай оралады

Ақ боз ат

Сәби құлап қала жаздады

Қос күреңді көрді

Жыл бойы еңбектенді

Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра

^ IV деңгей

Сөз тіркесін, күрделі сқз, тұрақты тіркесті қатыстырып «Мейірімділік» тақырыбында шағын ойтолғау жаз.

Бекіту. 248-жаттығу. Сөз тіркестерін, күрделі сөздерді, тұрақты тіркестерді бөлек жазу. Байланысу тәсілдеріне көңіл бөлу.

Қорыту. Жаттығу мәтініндегі қазақ тұмысына талдау жасап, лайықты сөз тіркестеріне талдау жүргізу.

Үйге: 250-жаттығу.

Оқушылар еңбегін бағалау.






^ Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білдімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелілік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

^ Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Оқытудың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысын ойлау, сатылай кешенді талдау, тест, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын, неміс тілі, биология.

^ Сабақтың көрнекілігі : есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, компьютер, бағалау парақшалары, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі : а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.

(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) Қызығушылығын ояту

Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып, төмендегі ұяшықтардағы жасырын сөзді табайық.




І топ ІІ топ ІІІ топ

11,5+(-2,5)=9 -12,5х(-2)=25 -10,2+12,2=2

20,2х2+(-3,4)=37 -153:(-3)=51 -44х(-2):8=11


Жеңімпазға:

99 : (-9)х(-3)=33

ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен, сен)

4. Көпшіл және көңілшек

Ештемені бөліп жармайды

Көптік ұғым беріп

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)

  1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)

^ Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық» .

Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша. Енді сіздер тапсырманы орындадыңыздар. Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар, ерекше тордағы сөзді оқисыздар.




1.Сілтеу есімдігі.

2. Сұрау есімдігі.

3. Өздік есімдігі(I жақ көпше түрі, тәуелденіп тұр)

4. Белгісіздік есімдігі.

5. жалпылау есімдігі

(Ережесін бірден сұрап отырамын)

ә) Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырымды білмейді.


Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.


Бұл Ешкім Бүкіл


негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы: қай сұрағы: кім сұрағы: қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш

б) Мәтінмен жұмыс (Акула жайлы бейне фильм қойылады)

116- жаттығу. Акула.

Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.

^ В) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын, неміс тілдеріне аудару керек)


І топ

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

(Жарасқан Әбдірашев)

ІІ топ

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

(Абай)


ІІІ топ

Әркімді адам сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Заманы оны илемек.


^ Бекіту

А) Көру диктанты. (Жатқа жазып, есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай,

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!


ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі)

Ашық формалы тест

Нұсқау: толықтырыңдар

  1. Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші...(сені) сыйлайды.

  1. Жаманның...(өзі) бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.

  1. Балапан ұяда...(не) көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

  1. Не ексең,...(соны) орарсың.

  2. Біреу тойып секіреді,

...(Біреу) тоңып секіреді.


Қорытынды

А) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)

- Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін керек.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

- Ал есімдік не үшін қажет?

- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор. Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.


ә) Кластер мен немесе топтастыру әдісі

Сонымен, есімдік жайлы білдік?




^ Б) Бағалау (Бағалау парақшаларын жинап аламын)


Үйге тапсырма


І топ ІІ топ

Ой толғау Сыр толғау

«Достық- татулық белгісі» «Ауылым-алтын бесігім»


ІІІ топ

Жыр толғау

«Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына»

(Жеңіске-65 жыл)

(Шағын шығарма, өлең, ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып, талдап келіңіздер).

^ В) Менің алған әсерім.

(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді. Соңынан жинап аламын)





^ Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:үстеудің емлесі жайлы түсінік беру,меңгеру.

Сабақтың білімділігі-үстеудің емлелері жайлы түсіндіру,білім-білім дағдыларын қалыптастыру.

^ Сабақтың дамытушылығы-үстеудің емлесін берік есте

Сақтауға дағдыландыру, берілген мысалдар арқылды үстеулерді құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру, ойлау қабілеттерін арттыру.

^ Сабақтың тәрбиелілігі-оқушыларды сабақта қолданатын мәтіндер арқылы, мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнелілігі: плакат, үлестірмелі карточкалар, көркем әдебиеттен алынған мәтіндер, оқулық, тақта, бор, суреттер, магнитті тақта.

Сабақтың барысы.

^ 1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Қойылатын сұрақтар

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Сөз таптары дегеніміз не?

2.Үстеу дегеніміз не?

3.Үстеудің құрамына қарай қандай түрлері бар?

4.Негізгі үстеулер қалай жасалады?Мысал келтір.

5.Туынды үстеулер қалай жасалады?Мысал келтір,дәлелде.

6.Күрделі үстеулер қалай жасалады?Мысал кетір, дәлелде.

7.Үстеудің мағынасына қарай қандай түрлері бар?

8. Мезгіл үстеу дегеніміз не?Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

9.Мекен үстеу дегеніміз не?Сұрақтарын ата, мысал келтір.

10.Сын-қимыл үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.

11.Мөлшер үстеу дегеніміз не?Сұрақтарын ата.

12.Күшейткіш үстеу дегеніміз не?мысал келтір.

13.Мақсат үстеу дегенңмңз не?Мысал келтір.

14.Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

Мысал келтір.

Сұрақтар өтілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін айұындау және еске түсіруге бағытталған.

3.Үйге берілген жаттығулардың орындалуын тексеру.

^ 4.Сабақ мақсатымен таныстыру.

5.Жаңа сабақ.Үстеудің емлесі.

Тақтаға плакат ілу, сол арқылы үстеудің емлесін түсіндіру. Оқушылардың өзін қатыстыра отырып ауызша мысалдар келтіру.

Тақтамен жұмыс.

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, емлесін түсіндір.

Көру диктанты.

1.Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып./Махамбет/.

2.Ендігәрі мұндай ісіңді көрмейтін болайын.

3.Ол қаннен-қаперсіз жүріп келеді.

4.Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып, бомбаларды боратып жатыр.

^ 6.Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.

Сынып оқушыларын екі командаға бөлу.

  1. топ. Перфокартамен жұмыс /ауызша/.

Мысалдар

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Мақсат

Себеп-салдар

Ала






















Жаздай

+



















өңкей






















Аса













+







Ақырын










+







+

Мұншама







+













Қасақана
















+




Тысқары




+

















2- топ

Үстеудің мағынасына қарай түрлері

Үстеуді жаз

Мезгіл




Мекен




Мөлшер




Сын-қимыл




Күшейткіш




Мақсат




Себеп-салдар





Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

Шарты. Үстеу орнына сұраулары берілген. Ойлап тауып, орнына қой.

№1

а)Еріншекке /қашанғыдан? Қашаңғы? / оңай.

ә) \Қай уақытта? / тұрған жігіттің ырысы артық?

№2

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады

Құсша қонады./Жұмбақ/

№3

^ Ендігәрі, ерте, жазғытұры үстеулерін қатыстырып сөйлем ойла.Қандай үстеу екенін тап.

№4

Амалсыздан, қыстыгүні үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.

Кітаппен жұмыс. Сабақты бекіту мақсатында жаттығумен жұмыс. 4-5 оқушыдан сұрау.

^ 7.Оқушы білімін бағалау.

8.Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-оқушылар сөздердің байланысу түрлерімен жеке-жеке толықтай танысады, талдайды, меңгереді, білімдерін кеңейтеді;

Дамытушылық-оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды, нақты мақсат қоя білуге үйренеді;

Тәрбиелік-оқушылар бір-бірін сыйлауға, отандыққа тәрбиеленеді.

Көрнекілік:интерактивті тақтадағы сурет, сызба, кесте.....

^ Сабақтың барысы.Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау.

Қызығушылықты ояту. Топтастыру стратегиясы. 1.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.

2. Сөздердің байланысу түрлерін ата.

Интонация арқылы

Жалғаулар арқылы









Шылаулар арқылы


Орын тәртібі арқылы


Жанасу










Мағынаны түсіндіру. әр топ мүшелерін «1,2,3,4,5» деп санату.

Жанұя тобының 1-нөмірлі 1-столға, 2-нөмірлі мүшелері 2-столға, 3-нөмірлі мүшелері 3-столға, 4-нөмерлі мүшелері 4-столға, 5-нөмірлі мүшелері 5-столға отырады.

Әр столға әр тақырып беріледі: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Жеке жұмысқа 1 мин.,жұппен жұмысқа 1 мин.,топпен жұмысұа 2 мин.

Әр топқа жаттығу жұмыстары беріледі: 243-жаттығу, 248-жаттығу,254-жаттығу, 257-жаттығу, 262-жаттығу. Жаттығуға 2-3 мин. Уақыт беріліп, ауызша тексеріледі.

«Жанұя» тобы өз тобына келеді. Топ мүшелері үйреніп келгендерін келгендерін топқп айтып түсіндіреді (5 мин). Әр топтан бір оқушы түсінгенін айтады.Тақтаға бір оқушы жазып тұрады. (1,5 мин).

Әр топқа жаттығу беріледі. РАФТ I. 3 мин.+5 мин.


Топ аты

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

Жаттығу

247

251

256

258

263

Рөл

Абылай

Автор

Жамал

Жазушы

Жомарт

Аудитория

Қария

Халық

Жау

Оқырман

Оқырман

Форма

Диалог

Монолог

Сұрақ

Портрет

Суреттеу

Тақырып

Түсі

Қазақ әні

Соғыс

Мәлік

Хан сарайы


Тапсырма. Әр топ өзіне сай байланысу түрлеріне бір мысал табу.

Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып тапсырма беріледі (5-6 мин).

Қиысу: Мен сөйлеймін. Біз жаздық. Айжан күлді. Дәрігерлер келіпті. Ол сөйледі. Біздер қыдырдық. Сен келдің.

Матасу:Сенің кітабың. Менің Отаным. Асанның ағасы. Әженің немересі. Атамның ауылы. Теңіздің жағасы. Сіздің оқушыныз. Көкемнің ауылы.

Меңгеру: Допты алды. Ауылға келді. Үйде отырмын. Мектептен барады. Терезені сүртті. Апаммен сөйлестім. Арқанмен түсемін.

Қабысу: Үлкен терезе. Жиырма бес бала. Бұл үй. Жетінші сынып. Орындалған армен. Тас жол.т Бақытты балалық.

Жанасу: Үйге қарай жүгірме. Әдейі келу. Қасақана айту. Шапшаң қимылдау. Көпір арқылы өту. Білу үшін оқу. Дереу жеткізу.

Кестені толтыру (қосымша тапсырма).


Мысалдар

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

Алғашқы айлар










+




Халықтың еңбегі




+










Білгенге маржан







+







Ауыр күрсіну










+




Малды ауыл







+







Екі дос













+

Таудай талап










+




Шамның жарығы




+










Әзірше жүр













+

Жыл сайын көбейді













+

Сен келдің

+













Күн шықты

+














Ой толғаныс.

СИНКУЭН (бес жолды өлең) 1 мин.-3 мин.

1.Зат есім (бір) 2.Сын есім (екі) 3. Етістік (үш) 4.Сөз тіркесі (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу). 5.Синоним (бір).

Қиысу тобына: Шаңырақ. Матасу тобына: Уық. Меңгеру тобына: Кереге. Қабысу тобына: Табалдырық. Жанасу тобына: Сықырлауық.

Үйге тапсырма. Эссе жазу.

Қиысу тобына: Ең жақсы тіл-ана тілі. Матасу тобына: Білім мен даналық-адамның көркі. Меңгеру тобына:Ел іші –алтын бесік. Қабысу тобына: Сөз-өмірдің ұлы қаруы. Жанасу тобына: Білім кілті-тіл.

Бағалау. Топ басшыларына алдын ала берілген бағалау бетшесі бойынша бағаланады.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа»
Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларды оқыта отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жердің құнарлы қабаты саналатын топырақтың маңызы мен пайдасы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың тақырыбы iconПән: Физика және информатика Сабақтың тақырыбы
Тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану. Сурет салу құралдары

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білдімдерін...

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Диалог Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: диалог туралы көркем әдебиетте және ауызекі тілде қолдану жолдарын меңгерту

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Қалау рай Сабақтың мақсаты
Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игереді. Жаттығу жұмысын орындайды

Сабақтың тақырыбы iconМұғалімі: Зияданова К. Б. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
Оқыту мақсаты: Түрлендіру формулалары тақырыбы бойынша алған білім мен білік дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау

Сабақтың тақырыбы iconСабақ тақырыбы: Қос сөздерден өткенді қайталау Сабақтың білімдік мақсаты
Сабақтың білімдік мақсаты : Оқушылардың қос сөздерден алған білім Тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, пысықтау, жинақтау, тиориялық...

Сабақтың тақырыбы iconТақырыбы: Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір Сабақтың мақсаты: білімдік
Сабақтың мақсаты: білімдік – қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі...

Сабақтың тақырыбы iconСейуллина И. Б. Қарағанды қ., №15 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©koh.selyam.net 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы