Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» icon

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы»




Скачать 265.3 Kb.
НазваниеСабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы»
Дата конвертации24.01.2013
Размер265.3 Kb.
ТипДокументы
источник

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы»

А) «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасын аштырту, талдау;

Ә) өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Б) өлең арқылы оқу-білімге үндеу, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақ әдісі: мәнерлеп оқу, «миға шабуыл», топтастыру, Венн диаграмасы, өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс, ой түйіндеу.

Пәнаралық байланыс: астрономия.

Көрнектілігі: компьютер, графопроектор, тест тапсырмалары, электронды оқулық.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Үй тапсыпмасын тексеру.

  1. Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлең құрылысына қарай талдау жасау.

  3. Тест тапсырмалары.

Негізгі бөлім.

Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.

  1. Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.

  2. Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.

  3. Өзенде жүзіп келесіздер.

  4. Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар. (Осы сәтте экранға Қазақстан бейнеленген карта шығады).

  5. Нені көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.

Тапсыпма. Ақынға арнау

Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.

арнаған

бар адам

................

тараған


Бүгінгі танысатынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың келесі шығармасы – «Шәкірт ойы».

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.

Шәкірт нені армандайды?

Елдің жүрегі неге мұздаған?

Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

  1. Физика пәні мұғалімі астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді (электронды оқулық).

  2. Топтастыру.


Ілім-білімге құштар

Қараңғылықты құтқаратын Күн болуды армандайды

Еліне адал қызмет еткісі келеді

Надандықпен күреседі




  1. «Менің ойым», ой түйін жасау.

  2. Венн диаграмасы арқылы ортақ қасиетін табу



Шәкірт ойы

Өз халқын сүйеді. Еліне адал қызмет еткісі келеді.

Менің ойым



  1. Өлең құрылысын талдау

Қараңғы қазақ// көгіне// а

Өрмелеп шығып// күн болам!// б

Қараңғылықтың// кегіне// а

Күн болмағанда,// кім болам?// б

Мұздаған// елдің жүрегін// в

Жылытуға// мен кірермін!// в


3 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды кезектес, шалыс ұйқас.

Бекіту

«Менің арманым», пікірлесу.

Үйге тапсырма.

  1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау

  2. Өлең құрылысына талдау

  3. «Орны отайып көгереді, Ақын арманынел көрді» тақырыбына шығарма жазу.

Қорытынды.

Жүсіп Баласағұнидың «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізді көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.


^ Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің “Ананың Анасы”әңгімесін оқыту Сабақтың мақсаты:Әңгімені оқушыларға оқыта отырып,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтары мен қолданысын оқыту.

^ Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды парасаттылыққа,өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға,ой ұшқырлығына баулу.

Тәрбиелік мақсаты:Адамгершілікке, инабаттылыққа,Отаның сүюге,ата-анасын ардақтауға баулу.

^ Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:қима қағаз,сурет, қанатты сөздер

Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих,сурет пәндері

^ Сабақтың барысы

Сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне тоқталып болған соң,оқушыларды үш топқа бөлеміз.Топтастыру әдісі-оқушыларды еркін ойлауға,бірінің ойын бірі толықтыруға,қалыс қалмай бірдей сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады.

І-кезең.Оқушылардың назарын тақтада көрнекілікте ілініп тұрған суреттерге аударамыз.Онда найза,қылыш, садақ,торсық т.б. заттардың жартысы ілінген, ал жарты бөлігі оқушылардың қолына таратылып беріледі.

Мұражайдың іші үш бөлмеден тұрады.Жарты болып тұрған заттарды бүтіндеуге мына үш сұрақ төңірегіндегі ой қозғалады.

^ Бірінші топқа.Ғ.Мүсіреповтің өмірбаяны.

Екінші топқа.Әңгіме желісін баяндау.

Әрбір топтың жеке-жеке оқушысы қима қағазға жазылған өз ойларын дауыстап оқып,мұғалімнің қолына береді.Мұғалім тақтадағы көрнекілікке жартысын бүтіндеп жабыстырып отырады.Мұражайдағы заттардың барлығы толығымен бүтінделеді.


ІІ-кезең.”Менің пікірім”

Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады.Бірінші бәйтерекке “Ана”,екінші бәйтерекке “Жалпақ батыр”, үшінші бәйтерекке “Қоғам” деген жазу жазылады.

Оқушыларға тапсырма беріледі.Топтастыру әдісімен байланыстырып,әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен бірге бөліп беріледі.Оқушылардың міндеті-әңгімеден сөздерді сұрыптап алып,жазушының шеберлігін көрсету.

Ана:қайратты,шешен,әке-шешесінен айрылған,күндікке сатылған,жылқы баққан т.б.(әке-шешесінен айрылған) (әңгімеден үзінді):Әкем арбасын жөндеп,шешем көжесін қайнатып жатыр еді,оншақты салт атты сау ете түсті:

-Жігіттер,жол болсын!-деп,қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді..

^ Жалпақ батыр:Батыр,ақылды,қара күш иесі,мейірімді,тәуелді,т.б.(әңгімеден үзінді):

-Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді?-деп сұрайды батырдан.

-Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді Жалпақ балуан.

-Ендеше,жылқы да ал деме,атыңды да берме,саған ере алмаймын да,сен де еркіңнен айрыласың,не байдың,не бидің сойылы боп қаласың.

Қоғам:Халықты байлар басқарған,шешімді би берген,сөзге тоқтам салынған,жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (әңгімеден үзінді):

-Бірің жылқышы,бірің сауыншы болып жүре тұрыңдар,кейін босатармын,-деп еді Сарыбай.Содан бері он бес жыл өтті.Байым бүгін өліп босанды,өзім осы орталарыңда отырған.Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін...

ІІІ-кезең “Ой толғам”

Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын,салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттаңыз.

Қорытынды:Қағаз таратылып уақыт белгіленеді әр топтың оқушылары жеке-жеке тұрып жазғандарын оқиды.



Білемін

Білгеніме сәйкес келмейді

Жаңа нәрсе

Тереңірек білгім келеді

Ғ.Мүсіреповтың жазушы екенін білемін.

Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап,ат шаптырғанда,бас бәйгеге құл бастаған тоғыз,бас балуанға тоғыз тігіпті.

Сауға, сергел-

Дең,барымта,күң,

Құл сөздерінің мағынасын түсіндім.

Осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен?



ІҮ-кезең.Үйге тапсырма.

“Ана-көзді бұлақ” тақырыбында шығарма жазып келу.Қосымша тапсырма: тарихи шындықта баяндалатын қазақтың салт-дәстүрлері (құл бастаған,күң бастаған тоғыз,барымта,сауға) жайлы мағлұмат біліп келу.


Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы-шешендік

^ Сабақтың мақсаты:Білімділік:Балаларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту,тіл байлығын жетілдіру.

ә)Дамытушылық:Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру.

б) Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Таблицалар,кеспе карточкалар.

Сабақ түрі:Қалыптан тыс-саяхат сабақ.

^ Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:Сұрақ беру,жауап алу,жарыс,т.б.

Пәнаралық байланыс:География,тарих.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

^ Жаңа сабақ

Мұғалім:-Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.Яғни саяхат сабағын өткіземіз.Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылады.Сонымен бірге олар-тәрбие құралы.Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес.Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып,аз сқзге көп мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған.Шешендіктің негізгі мақсаты-адамдарды иландыру,айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру.Шешендердің сқз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған.Олар жалпы қмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды.Олар:Әйтеке би, Төле би,Қазыбек би,Саққұлақ шешен,Бопан би,Шоқ би,Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз.Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз(мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды).Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін,берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады.Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы.Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер (оқушылар шығып,қағаздағы сұраққа жауап береді).

1.Төле би кім?

2.Төле бидің қандай толғау,шешендік сқздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.


2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрғаң хатың ғой.


Мұғалім:-Ия,балалар,біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік.Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.

1.Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

2.Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы:Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің қүйсін....(толғауды толық айтуына болады).Осылайша 3, 4, 5 сұрақтарға да жауап береді,сұрақты әр түрлі етіп әзірлеу керек.

Мұғалім:-Біз балалар,Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.Ендігі біздің үшінші ауылымыз-Қаз дауысты Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып,ондағы сұрақтарға жауап береді).

1-оқушы:

Алтың ұяң-Отан қымбат

Құт берекең атаң қымбат

Асқар таудай әкең қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Туып-өскен елің қымбат

Ұят пенен ар қымбат.

2-оқушы:(Өркенің өссін десең...)

3-оқушы:(Жалтылдайды екен деп...)

4-оқушы:(Жақсылық пен жамандықтың белгісі...)-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.

Мұғалім:- Балалар,біз шешендік сөз өнерінен алған мәліметтердің қаншалықты терең екендігін байқадық.Халқымыздың атақты үш биінің Төле би,Әйтеке би,Қазыбек бидің ауылында болып,өнегелі сөздерін есімізге түсірдік,көп нәрселер үйрендік.

-Ал,енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз.Өөіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз.Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:

1. “Менің әжем”

2. “Туған жерім”

3. “Ана”

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар.одан кейін бағалаймыз.Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынның атын оқисыңдар.

1.Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі.

2.Ерте гүлдейтін гүл.

3.Ел ордасы.

4.Алғаш мектеп ашқан адам.

А

Б

А

Й


Мақалдар жарысы: “Жасырынған мақал”ойыны

“Жақсы сөз жан семіртер”...

“Досы көппен сыйлас...”

“Отпен ойнама...”

“Ер туған жеріне...” (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі).Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөздер тулалы ойымызды дамыттық.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,кішіпейілділікке үйрендік.Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.

^ Сабақты бекіту:Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту,мазмұндау,әділ баға бере білуге даярлау.

Үйге тапсырма беру:Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.

Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Диалог

^ Сабақтың мақсаты:

Білімділік: диалог туралы көркем әдебиетте және ауызекі тілде қолдану жолдарын меңгерту;

Дамытушылық: ақпараттық материалдарды, көркем әдеби туындыларды қолдана отырып, тіл білімі, көркем әдеби және саяси білімін тереңдету.

Тәрбиелілік: жаттығулар орындата отырып, оқушыларды көркем әдеби тілмен мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу

^ Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқытудың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, проблемалық әдіс, дәлелдеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Қолданылған көрнекіліктер: үн таспа, кадоскоп, компьютер, тест тапсырмалары

^ Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Ә) Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

- Балалар, қазір біз .нтаспадан бір шығармадан үзінді тыңдап көрейік. Мұқағали Мақатаевтың «Махаббат диалогы» тыңдалады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Міне, балалар бұл үзіндіден неше адамның дауыс ырғағын тыңдадыңдар?..

Екі адамның кезектесіп сөйлескенін байқадық. Бұны термин бойынша диолог дейміз. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Диолог» екен.

Мына плакаттағы «INSERT» кестесін толтырып көрейік.

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Нені білдім?












Оқушылар диолог туралы не білетіндерін айтып шығады. Және нені білгісі келетінін айтады. Сол бойынша жұмыстар жүргізіледі

^ IV. Жаңа сабақты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жүргізу.

  1. 307 – жаттығу. Диологты рөлге бөліп оқыту.

Өзіңді-өзің таны.

Сұрағы үнтаспадан тыңдалады. Оқушылар жауап береді.

Үлгі: Екі көзің не не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін.

Жауаптарын оқулықтағы жауаптармен салыстырады. 308 – жаттығудың II бөлімін рөлге бөліп оқыту.

Әдебиет пәнімен байланыстырып, үзінді қай романнан алынғаннан, бұл үзіндіні қай сыныпта оқығанын еске түсіру. Үзіндіде неше адамның пікірі айтылады.

  1. Электронды оқулықпен жұмыс жүргізу. Бірнеше бала компьютермен тапсырма орындайды.

  2. Орнында отырған оқушыларға толықтыру тестін орындату. Сұрақ жазылады, жауабын оқушылар жазады.

  • Дау мұраты не?

  • Дау мұраты – біту.

  • Сауда мұраты не?

  • Сауда мұраты – ұту.

  • Жол мұраты не?

  • Жол мұраты – жету.

  • Қыз мұраты не?

  • Қыз мұраты – кету.

  1. Тақтаға 3 оқушы шығып үлестірме қағазбен жұмыс істейді.

  2. Ортамызға тілші келген екен. Сөзді сол кісіге берейік.

  • Сәлеметсіз бе?

Бүгін біздің сұхбатымыз – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауымен танысу, пікір алысу.

^ Тақырыбы: «Бастауыш және орта білім бері жүйесін жандандыру».

Елбасымыз «Ел болашағы жастар білімді, сауатты болу керек» дейді. Соған жету үшін сіздердің қосар үлестеріңіз қандай?..

  • Осы мақсаттарға жету үшін мектептеріңізде жағдай жасалған ба? Сіз қандай мектепте оқығыңыз келеді?..

  • Қазіргі қоғамдық талапқа сай қай пәнді тереңдетіп оқытуды қалайсыз?

  • Өркениетті елдің қатарына қосылу үшін мемлекеттік тілден басқа тағы қандай тілдерді білу керек деп ойлайсыз?..

  • Қазіргі мемтепшілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларда «Жүзден жүйрік» шыққан оқушыларға еліктейсіздер ме? Сондай болу үшін не істейсіздер?..

Сұхбаттарыңызға рахмет. Сіздер Қазақстанды нағыз гүлдендіре алатын азаматтар екенсіздер.

Сіздермен бірге болған журналист ... ... Сау болыңыздар.

^ V. Тест алу арқылы сабақты бекіту.

VI. Сабақты қорыту үшін «Диолог туралы не білдім?» тақырыбына шағын ой қорыту, эссе жазу.

VII. Үйге: 308 – жаттығу I бөлімі.

VIII. Оқушылардың білімін бағалау.


^ Сабақ тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры

Сабақтың мақсаты:

а) жырдың тақырыбын,идеясын анықтай отырып кейіпкерлер сипатын жан-жақты ашу;

ә) адалдықты,достықты,адамгершілікті паш ету,махаббат атты ұлы сезімді қадірлей білу,сөзге тұрақты,сезімге берік болуға тәрбиелеу;

б) оқушыларды сөйлеу мәдениетіне үйрету,кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып айту,өз сөзімен тәуелді,тың пікірлер әрекетіне сыни көзқараспен қарауға үйрету.

Көрнекілік: теледидар, «Қыз Жібек» кинофильмінің бейнетаспасын,сұхбаттасу бөліміне арналған сұрақтар,ұяшықтағы сұрақтар,слайд,компьютер, т.б.

^ Сабақ әдісі: көрініс көрсету,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі (сыныпты сабақ тақырыбына сай безендіру);

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қыз Жібек» жырынан көрініс көрсету;

3. «Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді көрсету.Жырдың түпкі нұсқасы мен кинофильмді салыстыру (слайд арқылы);

4.Сұхбат.

Көрініске қатысқан,негізгі кейпкерлер бейнесін көрсеткен оқушыларды ортаға шақырып «Махаббат-ұлы сезім» тақырыбында сұхбаттасамыз.Жүргізуші алдын ала дайындалады.

(Көрермендерде қатыстырылады,олар да сұрақ қояды).


^ Жүргізуші қоятын сұрақтар:

- Төлеген рөлінде ойнау саған ұнады ма?

- Төлегеннің бойындағы қандай қасиеттерді өзіңе үлгі тұтасың?

- Қыз Жібек бейнесін сомдау саған қиындық келтірді ме?

- Жырдағы Қыз Жібек бейнесі саған қандай қасиетімен,мінезімен ұнады?

- Жырда Қаршыға қандай бейнеде көрінеді?


^ Көрермендер сұрағы:

- Жырдағы тақырыбы қандай?

- Қыз Жібек сияқты ибалы,тәрбиелі қыздар туралы не айтар едіңіз?

- Кейбір тәрбиесіз қыздар туралы не айтар едіңіз?

- Төлеген сияқты сезімге адал,махаббатқа берік жігеттер туралы не айтасың?

- Ішімдікпен,нашамен өмірін өксіткен жігеттер туралы не айтасың?

- Қаршыға,Шеге сияқты адамгершілігі мол,сыйлы азаматтар туралы өз пікіріңізді айтыңыз.


^ 5. Пысықтау бөлімі(слайдпен көрсету).

Оқушы таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек.

Әдебиет 10 20 30 40

Өнер 10 20 30 40

Сурет сурет сурет сурет


Тарих 10 20 30 40


Әдебиет, 10. Төлегеннің өскен ортасы,әкесі мен анасының оған деген мейірімі жырда қалай көрсетілген?

Әдебиет, 20. Жырда тұрмыс-салт жырының қай түрі кездеседі?

Әдебиет, 30. Жібектің Сансызбайға қосылуының түпкі тамыры неде?

Әдебиет, 40. Жырдың көркемдік ерекшелігіне тоқтал.

Өнер, 10. Кинофильмде Қыз Жібек рольін ойнаған кім?

Өнер, 20. Кинофильм қай кезде түсірілген?

Өнер, 30. Бекежан рольін ойнаған актер туралы не білесің?

Өнер, 40 . «Қыз Жібек» фильміндегі Шеге рольін ойнаған актер кім?

Тарих, 10. Жырдағы оқиға қай кезде болған? Жырды жырлаған жыршылар туралы не білесің?

Тарих, 20. Жырда көшпелі қазақ қауымының тіршілік бейнесі қалай суреттелген?

Тарих, 30. «Төлегенді өлтірген Бекежан емес» атты Ақтөбе газетінде жазылған мақала туралы не айтасың,өз пікірің.

Тарих, 40. Жырда көрінетін әдет-ғұрып туралы айт.


6. «Жырдан алған әсерім» (эссе жазу)

^ 7.Сабақты қорыту. Бағалау.

Үйге эссені толығырақ жазу тапсырылды.

Қосымша оқуға: «Қозы Корпеш-Баян сұлу», «Ләйлі-Мәжнүн».


Сабақтың тақырыбы: «Жүз жылдық жара »

Сабақтың мақсаты:

білімділік- «Жүз жылдық жара» әңгімесінің мазмұнына талдау жасату,әңгімедегі қасиет,оның қазақ халқының ұғымындағы орны туралы білімін қалыптастыру,

тәрбиелік-әңгіме мазмұнымен таныстыра отырып оқушыларға экологиялық тәрбие беру,халықтық наным-сенімдерді құрметтеуге тәрбиелеу;

дамытушылық-оқушыларды өз бетімен ізденуге,шығармашылықпен жұмысқа машықтандыру.

^ Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,талдау,баяндау,пікірлесу,талқылау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

І кезең. Үйге «Жүз жылдық жара» әңгімесінің мазмұнын меңгеріп келу тапсырылған болатын.Үй тапсырмасын интерактивті тақтада берілген схема арқылы тексеру.



Тақтадағы тапсырма арқылы әңгіме мазмұнын оқушылар нақты мысалдармен пысықтап өтеді.

Қосымша сұрақтар:

«Жүз жылдық жара» әңгімесінің кейіпкерлерін қалай топтастыруға болады?

Әңгімедегі ауыл көрінісі,сол кезеңдегі қиыншылық қалай суреттеледі?

- Байшынар неге жалғыз қалды?

- «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі Бақтияр бағында қандай құс,ағаш,шөп атауы аталды?...

- Жазушының әңгімеде сол кезеңдегі ауыл көрінісі,ел арасындағы бірлік,қандай заман туса да қадір-қасиетті қастерлеу,халық ұғымындағы сенімдерді жоғары ұстау идеясын беруін байқаймыз.

Олай болса, бүгін біз «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі наным-сенімдерге,қадір-қасиетке,халық неге сенетініне тоқталамыз.

Балалар, «Жүз жылдық жара» әңгімесін оқып отырғанда сендер халық ұғымында кездесетін қандай сенімдерді кездестірдіңдер?Халық неге сенеді? (Оқушылар жауабын тыңдау)

ІІ кезең.Интеративті тақтамен жұмыс.

Слайдтың шынар,терек,тал,бүлдірген,түйежапырақ,үкі,қаршыға,қырғауыл суретттері бар беті ашылады.(Аталған құс,ағаш,өсімдік суреттері «Активстудия» бағдарламасының кітапхана бөлімінде бар.). Тақтаға оқушылар шығып,қалаған суретіне сипаттама беріп,астына жасырылған тапсырмаға жауап береді.(Ортақ тапсырма ретінде беруге де болады).

1-тапсырма. «Шаңырақ» ұғымы туралы не білесің?Қазақ неге шаңырақты қадірлеп киелі санайды?(Толық жауап берілген соң арнайы сілтеме-бағыттағыш арқылы алғашқы суретті бетіне қайта оралады).

2-тапсырма. «Бесік» сөзінің мағынасын аш.Бесікке байланысты қандай сенімдерді білесің?

3-тапсырма. «Үкі жүрген жер киелі деседі...Ол киелі деседі».Себебін түсіндір.Қазақ неліктен ең қадірлі,ең қымбаттысына үкі тағады?

4-тапсырма. «Алыстан келіп,Байшынардың түбіне түнеп,бұтақтарына қызыл-жасыл шүберек байлап кететіні содан шығар».Келтірілген үзінді халық ұғымында қандай наным-сенімді білдіреді?

5-тапсырма. «...Кенжекүл кемпір зікірін салып,аттандап,азынап,омбы қарды кешкендей еседі». «Зікір салу» тіркесінің мағынасын аш,қай уақытта қолданылады,неге байланысты?

6-тапсырма.Байшынар мен Жуанқұл.Жуанқұл тағдыры қандай қорытынды шығаруға жетелейді?

ІІІ кезең.

Бұл кезеңде оқушыларға әр қатар бойынша жеке шығармашылық тапсырмалар беріледі.

1-қатар: «Байшынар неге күңіренді?»

2-қатар: «Табиғат пен адамзат- егіз ұғым»

3- «Жуанқұлдың өкініші».

Оқушылар жұмысы тыңдалған соң «Киелі,қадір-қасиет» тақырыбында пікір алысу.

ІІІ.Қорытынды.

Тақырып бойынша сұрақтар арқылы ауызша қорытындылату:

-әңгіменің «Жүз жылдық жара » атауы неліктен? Өзің қандай тақырып қояр едің?

-шығарма несімен әсер етті?Ерекшелігі неде деп ойлайсың?

-Жуанқұл тағдыры арқылы автор не айтқысы келді?

-қазақ халқының ырым-нанымдарының өмірде саған көмегі бар ма?

ІV.Үйге тапсырма:

  1. «Жүз жылдық жара» әңгімесінен мақал-мәтелдерді теріп жазу,мағынасын түсіндіру;

  2. Қазақ халқы ұғымындағы басқа да наным-сенімдер,киелі,қасиетті ырымдар туралы жазып келу.

V.Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытұлы. «Әнші»

^ Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік-Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;

Тәрбиелік-өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

Дамытушылық-қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық-стратегиялық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту.

Мақсат: жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман мұраты, дүниеге көзқарасы, адамгершілік, азаматтық қасиеттерін аңғарту.

Көрнекілік: оқулықтар мен оқу ұүралдары, тақырыпқаарналған кесте.

^ Сабақ түрі: жаңа білім-білік, дағды қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сатылай талдау.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй жұмысын тексеру, өзді-өзіне сұрақ қою әдісі арқылы білім мен білік дағдыларын өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту.

^ III.Сұрақ-жауап әдісі арқылы өтілген тақырыпты бекіту.

1.Сұлтанмахмұт Торайғыров кім және оның қандай шығармаларын білесіңдер?

2.«Шәкірт ойы» өлеңіндегі шәкірт мақсатын, өмірлік мұратын қалай түсінесіңдер?

3.«Күнге өрмелеу», «Қараңғылықтың кегіне күн болу», «Қыздырып күннің қарауы» тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

IV.Өтілген тақырыпты қысқаша қорытып, жаңа тақырыпты түсіндіру.

Түсіндіру жоспары

1.Жүсіпбек Аймауытұлы өмірі,шығармашылық мұрасына қысқаша қолу.

2.»Әнші» әңгімесі.

3.Әншімен алғаш таныстық.

4.Ән құдіреті.

5.Наурыздағы сауық той.

6.Аруақты әнші.

7.Әмірханның үйінде.

8.Әншінің жүдеу тұрмысы.

9.Ән салу-үлкен қнер.

10.Әнші де жылайды екен.

V.Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

«Әнші» әңгімесі


1.Авторы:Жүсіпбек Амауытұлы.

2.Тақырыбы: әншілік өнер.

3.Әдеби жанры: проза (әңгіме).

4.Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға, әншілік шеберлікті терең ұғынып қадірлей білуге, өнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінуге үндеу.

5.Шығарманың композициялық құрылысы

а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.

ә)Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.

б)Оқиғаның дамуы:Наурықдағы сауық-той.

в)Оқиғаның шиеленісуі:Ақтамақ хикаясы.

г)Оқиғаның шарықтау шегі:Өлімді жеңген өнер құдіреті.

ғ) Оқиғаның шешімі:Әнші де жылайды екен.

6.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі

а)Басты кейіпкерлері:Әмірхан

(прототипі:Әміре Қашаубаев).

ә)Ақтамақ:Әмірханның сүйіктісі.

б)Лирикалық кейіпкері:Жүсіпбек.

в)Жұмабек (прототипі:Жарылғапберді).

7.Әдеби теориялық ұғымдар

а)Эпитет: ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер т.б.

ә)Теңеу:үйректей, қаздай қалқып т.б.

б)Метафора: бұлбұлмын, тұлпармын.

Сабақты қорытындылау. Шығармадағы әрбір оқиға, штрих-детальді жазушы өзінің эстетикалық мұрат-мақсаттарын бейнелеу үшін ұтымды ала алғандығын байқата отырып, шәкірттерге жазушының суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту.

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Әмірханның мінездемелік сипаты.

Үйге тапсырма беру:мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу.


Тақырыбы:«Ақтамақ хикаясы»

Білімділік міндеті: мәтіннің мазмұнын ұғындыру арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін, адалдығын ұғындыру.

Тәрбиелік міндеті: жазушы тілінің кқркемдігіне тәнті ете отырып, Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату, тілін ұштау.

Мақсат:қнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып, ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге, ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.

Құрал-жабдық, көрнекі құрал: оқулықтар мен оқу құралдары, тақырыпқа арналған кесте.

Сабақ түрі:жаңа ьатериалды өздігінен игеру.

Әдіс-тәсілдер:сөзбен түсіндіру, сатылай талдау, өзара талұылау, ізденушілік.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.үй жұмысын тексеру. Өзді-өзіне сұрақ қою әдісі арқылы білім мен білік дағдыларын өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту.

III.Сұрақ-жауап әдісі арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

1.Жүсіпбек Аймауытұлының қандай шығармасын білесің?

2.«Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі?

3.Әншінің салған әні мен тындаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?

4.Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

IV.Өтілген тақырыпты қысқаша қорытып шығып, жаңа тақырыпты түсіндіру.

Түсіндіру жоспары

1.әншінің қарапайымдылығы.

2.Әншінің орындаушылық шеберлігі.

3.Әншінің өнерге сүйіспеншілігі.

4.Әншінің адамға үйірсектігі.

5.Азаматтық тұлғасы.

6.Ән салу шеберлігі.

7.Махаббатқа адалдығы.

V.Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

Әмірханның мінездемелік сипаты

1.Қарапайымдылығы:Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.

...бұйығы,момақан жігіт.

2.Әншінің орындаушылық шеберлігі:

Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.Отырғандар аузын ашып аңырды.

Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті,бойды шымырлатты.

3.Өнерге сүйіспеншілігі:Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. ...рахаттанып гүл-гүл жайнайды.

4.Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт.

5.Азаматтық тұлғасы:Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады. Кісіні алдауды, арын сатуды білмейді.

6.махаббатқа адалдығы: сөйткен Ақтамақпен бір-ақжұмадай дәурен сүрдім. Ой,дүние-ай!-деп ауыр күрсінді де дыбыссыз қалды. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен. –Ақтамақтың қылығы бетер еді,-деп солқылдап тұрып жылады.

7.Мәтіндегі түсінуге қиын сөздер

а)Жетішатыр-семей қаласының ескі атауы

ә)жөршеңді-анау-мынау,жай

б)орамал тастау-ұлттық ойын

в)жанторсық-қымыз құятын ыдыс

г)таң асып тұрған-бабына келген

ғ)бір қоржыбасы-екі бөлікті ыдыстың бір жағы.

Сабақты қорытындылау.Әміре Қашаубаев-ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз.

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру:«Ақтамақ хикаясын» өз ойыңмен аяқта.

Үйге тапсырма беру:«Әміре-ән асқары» тақырыбында шағын мәтін.


^ Сабақтың тақырыбы: Сырдария

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – бділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, туған жерін сүюге баулу;

Дамытушылық – оқушыныңауызша және жазбаша тіл мәденитін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген қөзқарасын білу, өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік – адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу, қоршаған ортаны тануға, ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу.

^ Сабақтың түрі: Аралас


Сабақтың әдіс-әсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру, салыстыра баяндау, ой қозғау, талдау, деңгейлік тапсырмалар.


Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, география, музыка.


Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, шығармаларынан көрме, Қазақстан картасы, талдау-салыстыру сызбасы, электронды оқулық т.б.

^ Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру:

а) сәлемдесу, түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

  • Қане, балаларб өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)

  • Балалар, поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы қайда туған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?

Қорытындылау мақсатында Қ.Бағыбаевтың «Қасыммен сырласу» атты өлеңін оқып қорытамын. Сонымен, балалар, Т.Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» екен. Осы пікірдің бәрі ақынның «Өзім туралы» өлеңімн мағыналас, астарлас екндігіне көз жеткіздік.

^ III. Жаңа сабақ.

Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшіледі, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділда Тәжібаев ағамыздың өмірінде, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

  1. Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  1. Өлеңді үнтаспадан тыңдау

  2. Сөздікті жұмыс

  3. Салыстыру, талдау

  4. Топпен жұмыс

  5. Шығармашылық жұмыс.

  1. Электронды оқулықпен жұмыс.

Әбділда Тәжібаев туралы мәлімет, «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Балалар, өлең ұнады ма, не жайында екен?

Картадан «Сырдария» өзінін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

  1. Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).

Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).

  1. Гейне - неміс ақыны

  2. Рейн – Германиядағы өзен.

  3. Тарас– украина ақыны.

  4. Днепр– Украинадағы өзен.

  5. Пушкин– орыс ақыны.

  6. Еділ (Волга)– өзен.

  • Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.

  1. Өлең тақырыбы не жайында?

  2. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?

  3. Оны қай жолдардан байқауға болады?

  4. «Ел анасы– менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  5. Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді?

  6. Лирика деген не?

  7. Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?

  8. Параллелизм деген не?

(Алгебрамен байланыстыру)

  1. Салыстыру, талдау.

Тірек сөздер арқылы.

Салыстыру



Әбділда Тәжібаевтің Қалмақан Әбдіқадыровтың Ыбырай Алтынсариннің

«Сырдария» өлеңі «Сырдария» өлеңі «Өзен» өлеңі

1) қарт ана 1) мен анаң 1) сарқыраған өзен

2) Сыр сұлуы 2) суым сүтің 2) айнадай су

3) туған елі 3) анам десең 3) өзен рахаты

4) ел анасы 4) балық, арық қазып 4) мөлдір суы

5) сүті кетпеген 5) егіске пайдалан 5) ну орманы, тоғайы



Қай өлеңде ақын өлеңге, өлең ақынға тіл қатты?

(Айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау: теңеу мен метафорларды табады.)

^ 5. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Сырдария» өлеңін әрі «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ, бунақ, ұйқасын, айырмашылығын табады).

2-топ. «Сырдария» өлеңіндегі (2,3,5) шумақтарынан инверцияны тауып, қара сөзге айналдырып жазадыю

3-топ. Туған жеріміздегі «Машат», «Ақсу» өзені жайлы бір шумақ өлең жазады. «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.

^ IV. Сабақты бекіту. Сонымен, балалар, ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келген?...

1. Параллелизм дегеніміз не?

2. Өлеңді оқи отырып, өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?

3. Нұрсұтан Назарбаевтың «Қазақстан – жасыл желекті,мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан – 2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қангдай үлес қосар едіңдер?

V. Қорытындылау.



(Жоғарыда атқарылған жұмыстың бәрі интерактивті тақтада орындалады).

VI. Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою.

VII. Үйге тапсырма. «Сырдария» өлеңін жаттап, талданбаған шумағын талдап келу.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа»
Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларды оқыта отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жердің құнарлы қабаты саналатын топырақтың маңызы мен пайдасы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconПән: Физика және информатика Сабақтың тақырыбы
Тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану. Сурет салу құралдары

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білдімдерін...

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы: Диалог Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: диалог туралы көркем әдебиетте және ауызекі тілде қолдану жолдарын меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақтың тақырыбы: Қалау рай Сабақтың мақсаты
Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игереді. Жаттығу жұмысын орындайды

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconМұғалімі: Зияданова К. Б. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
Оқыту мақсаты: Түрлендіру формулалары тақырыбы бойынша алған білім мен білік дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconСабақ тақырыбы: Қос сөздерден өткенді қайталау Сабақтың білімдік мақсаты
Сабақтың білімдік мақсаты : Оқушылардың қос сөздерден алған білім Тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, пысықтау, жинақтау, тиориялық...

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы» iconТақырыбы: Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір Сабақтың мақсаты: білімдік
Сабақтың мақсаты: білімдік – қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©koh.selyam.net 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы